Qdesign.kz ұсынған 1 айлық офлайн курс – жиһаз жобалаудан бастап, визуализация, цехқа тапсырыс, монтаж және сатуға дейінгі барлық процессті қамтиды.
📅 Ұзақтығы: 1 ай / 12 сабақ 🧰 Формат: Практика + дизайн + AI + бизнес 👥 Топ: 10 адамға дейін 📍 Орны: Астана қаласы, Түркістан 34a
ЗАМЕР ЖӘНЕ ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Негізі мықты жоба – дәл замер мен сенімді таныстырудан басталады
Эргономика және стандарттар
Жиһаз өлшемдері мен бөлмеге сай бейімдеу принциптерін түсіну.
Дұрыс замер алу техникасы
Қабырға қисықтығы, плитус, розетка, құбыр сынды кедергілерді ескере отырып нақты өлшеу.
Планшетпен замер сызу
Қағазсыз – бірден iPad/планшетке кәсіби сызба түсіру.
Клиентке презентация дайындау
Жобаны КП, mockup, moodboard түрінде визуалды ұсыну және сенімділік қалыптастыру.
ЭСКИЗ СЫЗУ ЖӘНЕ ЖОБА ҚҰРАСТЫРУ
Сенің идеяң – нақты сызбаға айналатын кезең.
Basis Mebelshik
Бағдарламаның барлық құралын меңгеріп, сызу процесін автоматтандыру.
Шкаф құрылымын сызу
Корпус, бөлімдер, сөре мен есіктерді өлшеммен құрастыру.
Фурнитура және есік конфигурациясы
Топса, ручка, бағыттаушы сынды элементтерді жобада көрсету.
Кесу картасы мен смета шығару
Жобадан автоматты түрде деталь тізімі мен материалдар есебін шығару.
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ AI
Бүгінгі клиент – көреді, сезінеді, салыстырады. Сондықтан жобаң визуалды, нақты әрі әсерлі болуы керек.
AI визуализация
Интерьер стилін, түс үйлесімін AI көмегімен жасау. Жобаның алдын ала көрінісін клиентке “уау” форматта ұсыну.
AR/VR – кеңістікте жоба көрсету
Планшет немесе телефон арқылы және VR көзілдірікпен жобаны шынайы ортада көрсету. Клиент бөлмесінде “дайын тұрған” күйде сезінеді.
Визуалды анимация
Жобаның бейнеформатта қозғалыспен таныстырылуы. Жобаға өмір беретін қысқа “ролик” жасау.
Instagram/TikTok контенті
AI көмегімен пост, рилс мәтіндері жазу. Видео мен баннер жасау – визуалды контент арқылы сенімді сату.
Хамит Әбжапбаров
Курстың жетекшісі
12 жылдық тәжірибесі бар практик мебель маманы, Qdesign.kz негізін қалаушы. Хамит – студент кезінен жиһаз өндірісінде жұмыс істеп, өте көп жоба жасап, қазір өз студиясы мен бренді бар тәуелсіз шебер.